Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сандықтың түбінде 25 жыл сақталды": Әнші Айгүл Қосанова алғаш рет отбасын көрсетіп, тұрмысқа шыққан кезін еске алды

Дәстүрлі әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Қосанова алғаш рет отбасы мен үйін көпшілікке көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жұлдызды шаңырақ” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әншінің жолдасы той көйлегін мен ұзату көйлегін өзі алып берген.  

“Екі көйлектің сандықта жатқанына 25 жыл толады. Сол кездегі ең қымбат көйлек болатын. 1000 АҚШ долларын төлеп, жолдасым алып берген. Қыз күнімде белім өте жіңішке болған. Көп көйлекті киіп көргеніммен, белі жараспады. Осы көйлек тура келіп, әрі сәнді көрінгенсін алдым. Еш жері бүлінбей сақталды. Қазіргі талғаммен ойласам, алмауым да мүмкін еді. Бірақ сол кезде өзімді ханшайым сезінгенім есімде. Атлас матасы қай уақытта да тозбайды екен. Біз үйленген күні қатты жаңбыр жауып, қар жауды. Ауа райына қарамай, Әлия мен Мәншүктің ескерткішіне барып, фотоға түскенім бар. Наурыз айы болатын, ақ көйлегімнің етегі бүлініп, оны жуып әуреге түскенбіз. Ұзату көйлегім де сол күйі тұр. Ол кезде тіктіру дегенді білмедік, сатып алдық. Үйімдегі ең ескі екі зат осылар”, – деп күлді әнші.

  Сондай-ақ әнші, сахнада ұзақ көрінбей кетуінің себебін айтты. 

"Екі жыл бала күтімімен үйде отырдым. Басында бірінші жылдары отырдым. Содан кейін отырған жоқпын. Айшаны дүниеге әкелгеннен кейін екі жылдан кейін ғана жұмысқа шықтым. Оған да белгілі бір себептер болды. Өзімнің балалығым да болды ма, баламен бірге бала болып жылаған кездерім де болды. Оның бәрі кез келген қазақ қызының басынан өтетін жағдай деп ойлаймын. Ал қалған балаларымды босана салып қырық күннен кейін жұмысқа шығуға дағдыландым", – деп түсіндірді әнші. 

 

Талқылау