Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санда тұрмысқа шықты (фото)

Ән жобалары арқылы елді тәнті еткен әнші Санда күйеужігітімен көлікте отырған суретін жариялады. Әнші той көйлегінде, ал күйеужігіт смокингте. Алайда олардың расымен де үйленген-үйленбегені белгісіз.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізде болса, Санданың той көйлегін таңдап жүргені туралы жазған болатынбыз. Ол кезде жұрттың бәрі Санданы әнші Кенталға қосқан еді. Оған негіз де жоқ емес. Қос жұп салтанатты шараларда бірге көрінумен қоймай, жақында ғана махаббат тақырыбында ән жаздырып, бейнебаян да түсірді.

Той көйлегімен суретін жариялаған сәтте әнші қыз: “Мен дайынмын! Бірақ бірнәрсе жетіспейтін сияқты. Күйеу жігіт жетіспейді. Жуырда болады”, – деп жазған еді. Міне, көп күттірмей оның «күйеужігітін» де көрдік.

Әнші көлікте күйеужігітпен отырған суретін жариялады. Алайда бұл шынымен де үйлену тойы ма әлде бейнебаян түсірілімінен көрініс пе, әзірге ешкім білмейді. Жарнама болса да ғажап емес.

Желі қолданушылары әдеттегідей үнсіз қалмады. Кейбіреулер Санда мен оның жігітіне бақыт тілесе, енді біреулер бұл ақпаратың растығына күмән келтірді.

«Ол Кенталға тұрмысқа шыққалы жатыр еді ғой», «бұл жай ғана қалжың», «мына жігіт кім? Санда расымен тұрмысқа шықты ма?» – деп жазған желі қолданушылары.

«Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам». Не де болса, ақпараттың рас-өтірігін жақында анықтайтын боламыз. Ал әзірге сұлу қалыңдықтың көйлегіне тамсанып қана отырайық!

 

Жіберіп алмаңыз: 

Санда 300 м биіктіктен секіріп қорқынышын жеңді (видео)

Әріптестері Кентал мен Санданың жаңа бейнебаянын әжуалады (видео)

Санда: 11 жыл араласпаған әкемді жуырда өзім іздеп бардым

Тұрмысқа шыққалы жүрген Санда құрбыларымен “қоштасты” (видео)

Талқылау