Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Самса ішінен тірі құрт шыққан: Жетісу облысында мектеп асханаларының бірінде оқушылар түсірген видео жұртты шошытты

Самса ішінен тірі құрт шыққанФото: Желі кадрларынан

Жетісу облысында мектеп асханаларының бірінен оқушылар самса ішінен тірі құрт тауып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

27 қыркүйекте Көксу ауданының білім беру бөлімінің басшысы Қуат Құзбаев мектептегі асханадан шыққан самсадан құрт табылған жағдайға қатысты пікір білдірді. Жағдай әлеуметтік желілерде №2 Медеубай Құрманов атындағы Балпық би ауылындағы мектептің асханасынан түсірілген видео жарияланғаннан кейін белгілі болды. Бейнежазбада самсаның ішінен тірі құрттар көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, бұл видеоны мектеп оқушылары өздері түсірген. 

Бұл жағдай ата-аналар мен желі қолданушыларының үлкен алаңдаушылығын туғызды. Көксу ауданының білім бөлімі де бейжай қалмады. Кейбір адамдар бұл жағдайдың қазақстандық мектепке қатысы жоқ деп айтуға тырысқанымен, білім бөлімі оқиғаға байланысты шаралар қабылданып жатқанын растады.



"Қазіргі таңда бұл жағдайға байланысты мектеп оқушыларының ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Санитарлық бақылау жүргізу үшін білім бөлімі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ресми хат жіберді. Тексеру нәтижесіне сәйкес мектеп асханасын жалға алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шара қолданылады", – деді Қуат Құзбаев.

Сондай-ақ, ол тексеріс нәтижесі кейінірек қосымша хабарланатынын айтты.

STAN.KZ
Жексенбі, 28 Қыркүйек, 2025 08:08
Талқылау