Самат Смақов «Ақтөбеде» ойнамайтын болды
«Ақтөбе» ФК-ның басшылығы Самат Смақовтың клубқа қайта оралуы туралы ортақ келісімге келе алмады.
Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды.
«Ақтөбе» ФК басшылығы клубтың бұрынғы капитанына қолайлы жағдай ұсына алмаған соң, Самат клубқа оралмайтын болған.
Бұған дейін 37 жастағы Смақов Ақтөбеге клубтың басшысы Дмитрий Васильевпен келіссөздер жүргізу үшін ұшып барған болатын. Тараптар арасындағы диалог ұзаққа созылғанымен, олар ортақ келісімге келе алмады.
«Ашып ештеңе айта алмаймын. Әзірге ешқандай мәлімдеме жасауға дайын емеспін. Бір ғана нәрсені айтайын, – мен «Ақтөбеге» оралғым келді, бірақ ол жүзеге аспады. Қалғаны кейін айтылады», – деді С.Смақов.
Талқылау