Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың отбасы Қуандық Бишімбаевтан 17 миллион теңге өндіріп алды

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өтеу туралы шағым түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы сот

Айтбек Амангелді өзінің талап арызында қарындасының өлімінен кейін денсаулығына моральдық зиян келгенін, денсаулығы нашарлап, жұмысқа қабілетін жоғалтқаны туралы айтқан. 

Салтанаттың ата-анасы шығынның талапкердің пайдасына өндірілуінен бас таратты. 

“Парасат пен әділдік қағидаттарына сүйене отырып, жақын туысының қайтыс болуы талапкердің моральдық жағдайына кері әсерін тигізгенін, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, сот талапты ішінара қанағаттандырды”, – деп мәлімдеді Астанадағы Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты.



Нәтижесінде Бишімбаевқа қылмыстық іс бойынша 6 877 672 теңге көлеміндегі шығын мен моральдық зиян келтіргені үшін 10 миллион теңгені өтеу туралы шешім шықты. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Айтбек Амангелді Бишімбаевтан 1,5 миллиард теңге моральдық шығын талап еткені белгілі болды. Ал материалдық шығынды марқұмның ағасы 8 828 070 теңгеге бағалаған. Өйткені ол сот процестері кезінде қорғаушылардың жүріп-тұруына, қонақ үйге қомақты қаржы жұмсағанын алға тартты.

Сот шешіміне сәйкес, Бишімбаевтың өкілі келтірілген шығын мөлшерін 1,5 миллион теңге көлемінде, ал моральдық шығынды 5 миллион теңгеден 20 миллион теңгеге дейін белгілеуді сұраған.

Талапкер мен оның адвокаттары қойылған талаптарды толық қолдап, арызды қанағаттандыруды сұрады. Салтанат Нүкенованың ата-анасы моральдық шығынды өтеу туралы дербес талаптар қоймағанымен, жазбаша жауапта Айтбек Амангелдінің қойған талаптарын қолдап, талап арызды толық қанағаттандыруды сұраған.

Бұған дейін Бишімбаевтың түрмеде жұмыс істемеуінің себебін жазған едік.

Талқылау