Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салтанат Бақаева: Жолдасым түзде жұлдыз болғаныммен, үйде келін екенімді ескертті

“Түзде жұлдыз болғаныңмен, үйде келінсің!” Бұл алғаш келін болып түскен кезде Салтанат Бақаеваға күйеуінің айтқан сөзі. Иә, сіз бақ-дәулеттің ортасында алаңсыз өмір сүреді деп ойлайтын танымал әншілер де қарапайым халықтың күйін кешеді. Олар да отбасын құрып, оны сақтап қалу жолында әртүрлі қиыншылықтарды бастан өткереді.

19228771_306061059845313_5911690318763261952_n

Мәселен, жұрт қылықты да ерке әнші санайтын Салтанат Бақаева келін болып түскен кезде біраз жылағанын айтады.

Бұл туралы Салтанат “Той думан” арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

“Отбасымызды құрған кезде басында мен көп жылайтынмын. Мүмкін екіқабат болғандықтан ба жоқ әлде әртүрлі эмоционалдық жағдайлар әсер етті ме?! Өйткені сен өз үйіңде ата-анаңның еркелеп жүрген қызысың, содан кейін басқа үйге келесің. Жолдасым басында қаталдау болды. «Әйелді бастан» дейтін қазақтың сөзі бар ғой, өздеріңіз де білесіздер. Мен ешнәрсені жасырмаймын. Кәдімгі отбасы болғандықтан, «ох, менің үйіме бір жұлдыз келді» деп қараған жоқ. «Бәлкім түзде әнші, жұлдыз шығарсың, бірақ үйде келінсің», – деп айтқандай болды. Екі жылдай солай болған шығар. Содан кейін кішкене сабасына түсті ғой, мен де түстім”, – деп ағынан жарылды Салтанат.

Бүгінде жарасымды жұп Әмір мен Әділ есімді қос ұлды тәрбиелеп отыр. Оның алғашқысы келер жылы бірінші сыныпқа барады. Нұржан мен Салтанат алдағы уақытта шаңырақтарын нәрестенің үніне толтырмақшы.

«Бес балалы боламыз деген ойым болған. Бірақ бала бағу қиын екен. Енді қалай болатынын көреміз. Қазір заман деген өзгеріп жатыр ғой. Дағдарыс бар», – дейді Салтанаттың жары Нұржан.

Нұржанның бұлай деуіне нарық заманы себеп болып отыр. Дегенмен ғашықтардың арманы біреу ғана.

«Әрине, бес бала ол Алланың бұйырғаны ғой, қанша болса да… Дегенмен әрбір балаға үлкен жауапкершілікпен қарап, тәрбиесіне үлкен мән беруіміз керек. Жұмысқа байланысты кейде уақыт болмай жатады. Сондай сәттерде кейде қиналып қаламыз. Бірақ уақыт болып жатса, барынша балаларымызға көңіл бөлуге тырысамыз. Мысалы, қазірдің өзінде мен баламды бассейнге апаруым керек. Ол оның денсаулығына пайдалы, сабағы бар. Кейде ұйықтап қаламын. Жолдасым мүлдем апармайды оны, өзім әйтеуір апарып жүрмін», – деп бөлісті Салтанат.

«Өйткені жолдасың жұмыстан кеш келеді», – деген Нұржан сонда да болса болашақта өзін көпбалалы әке ретінде елестететінін айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкенттік ақын Қайрат Нұртастың табысының 10%-ын алғысы келгенін айтты

Баяннан аумай қалыпсың: Жұрт Еркенің күннен күнге продюсеріне ұқсап баратынын айтты

Қазақстандық жұлдыздар 100 мың теңгені қанша күнде құртатындарын айтты

Баян мен Тұрсынғали үйлену тойларына 1000 адам шақырмақ

Талқылау