Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Салмағы зіл батпан кір тасын 50 рет көтерген әйелдер желі қолданушыларын таңғалдырды (видео)

Әлеуметтік желіде ауыл келіншектерінің салмағы зіл батпан кір тасын көтеріп сайысқа түсіп жатқан видеосы пайда болды.

a0e89075620eca6e92de6244bb15c890_resize_w_520_h_

Көбінесе спорттың бұл түрі бойынша ер адамдар сынға түсетін. Ал бұл жолы Наурыз мерекесі қарсаңында әйелдер де аянып қалмауға бел байлаған секілді.

Ауылдағы қарапайым еңбек адамдары арасындағы арулардың бірі қос қолындағы кір тасын 50 мәрте тік көтеріп тастады.

Бейнежазбаға пікір қалдырушылардың жазуы бойынша, спорттық іс-шара Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай ауылында болған.

“Біздің жеңгелеріміз мықты екен. Тек қана алға!”, “Пай, пай нағыз қазақтың палуандарын өмірге әкелетін аналар ғой”, “Дендеріңізге саулық берсін” деп пікір қалдырады желідегі қолданушылар.

Оқи отырыңыз:

Жұма намазда 3 қателікке жол бермеңіз

Мамбет, калбит, Мырқымбай. Қазақстанда қандай сөздерді айтпауға кеңес беріледі

27 наурызда «Ел арна» каналы іске қосылады

Қазақстанда 18 миллионыншы тұрғын қашан дүниеге келеді

Талқылау