Салмағы 19 келі болған әйел: Дәрігерлер бала сүйе алмайтынымды айтқанымен, екі баламды дүниеге әкелдім (фото)
27 жастағы Эмме О’Нилді бірнеше жыл бұрын дәрігерлер аман алып қалған. Бойжеткен тәбетсіздік (анорексия) дертінен жазылғанымен, дәрігерлер оның ешқашан бала таба алмайтынын айтқан. Алайда олардың қателескені анық, деп хабарлайды Stan.kz.
Эмма жасөспірім кезінде өзінің сымбатына көңілі толмаған. Ол спортпен айналысқанымен, оны азсынып, қатаң емдәм ұстаныпты. Салдарынан ол көп салмақ жоғалтып, нәтижесінде салмағы 19 келі болып қалады.
Мұнан кейін Эмма Глазко ауруханасына жатқызылып, дәрігерлер оның өмірі үшін күрескен. Себебі онымен бір палатада жатқан науқастар тәбетсіздік дертінен қайтыс болыпты. Эмманың қатты арықтағаны сонша, тіпті, төсекке жатқанда денесі ауырып, көгеріп қалатын болған.
«Мен қалайша мұндай жағдайға жеткенімді білмеймін. Кішкентай болғандықтан, емдәмнің неге әкеліп соғатынын түсінгенім жоқ. Тіпті өміріме қауіп төнеді деп ойлаған емеспін», – дейді Эмма О’Нил.
Дәрігерлер Эмманың жағдайы жақсара бастағанын байқағаннан кейін олар бойжеткенге ешқашан бала сүйе алмайтынын айтыпты. Бойжеткен үшін бұл сұмдық хабар болғанымен, жаңа өмір бастауына себеп болған. Ол 10 жыл бойы тәнін сауықтырып, қалыпты өмір сүруге тырысады.
«Күйеу жігітім болған кезде, біз балалы болғымыз келетінін нақты білетін едік. Бала сүйе алмайтынымды естігенде, жан-дүнием езіліп кетті. Алайда мен аурудың болашағымды жоюына жол бермедім», – дейді Эмма О’Нил.
Бойжеткен ауруханадан шыққаннан кейін, күйеу жігіті оны қолдап, көп тамақ жеуге мәжбүрлеген. Нәтижесінде ол салмақ қосып, екі рет бала көтерген. Қазіргі уақытта оның салмағы 50 келіні құрайды және өзін бақытты сезінеді.
«Менің гормондарым ойнай бастады. Жүктілік кезінде жүрегім айнып, құса бастағанымда қайтадан тәбетсіздік дертіне шалдыққан екенмін деп шошыдым. Бірақ менің көп тамақ жегім келетін. Мен үшін баламның денсаулығы бәрінен маңызды», – дейді Эмма О’Нил.
Таяуда Эмма екінші сәбиін дүниеге әкелді. Ол өз кәсібін ашып, сонымен қатар қиын жағдайда қалған әйелдерге көмектесіп жүр.
Оқи отырыңыз:
Тұрғындар тасқын кезінде кәріз жүйесіне түсіп кеткен баланы құтқарды (видео)
Шайтанға табынушылар жан түршігерлік рәсімді орындап, 6 баланың анасын құрбандыққа шалған (фото)
Үйсіз қаңғып жүрген ер адам жағажайда өзіне сарай тұрғызып алды (видео)
Иық тіресе айқастық: Путин қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады