"Салықпен құтылмайды": Заңгер Абай Бегейдің қызының ісі сотқа кеткенін мәлімдеді
Әнші Абай Бегейдің блогер қызы Гүлеркем Ниязқұлованың басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшалардан алынды
"Алаяқ.нет" жобасының жетекшісі, заңгер Нұрсұлтан Орынбеков әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлованың ісі сотқа кеткенін мәлімдеді.
"Қызық енді басталды. Ағамыз қызын лақтыра салды ма?! Лотереяны жасау үшін салық төлейміз" деп құтыла алмайсыздар! Заңсыз лотерея ұйымдастыру бойынша блогердің ісі сотқа кетті! Мені заң білмейтін заңгер депті. Еске салайын, ол сурет қызыңның ашық кеңістіктегі өз еркімен жариялаған парақшасынан алынды. Қалғанын сотта айтамыз. Соңына дейін кетсек, кетейік. Попкорндарыңызды дайындай беріңіздер", – деп жазды заңгер.
Еске салайық, блогер қызына айып тағылғанын білген әнші Абай Бегей заңгерге өз ренішін жеткізген еді.
“Ол менің қызым болғанымен, мен оның тірліктеріне араласпаймын. Тікелей қызыммен байланысса болар еді. Тұрмыс құрған, күйеуі мен бала-шағасы бар. Басқа қыздарыма қатысты мәселе болғанда араласушы едім. Өйткені олармен бірге тұрамыз, бой жетіп, тұрмыс құрғанша менің жауапкершілігімде болады. Әкесі танымал адам деп, оңды-солды кез келген жерге мені белгілей берген. Заң білмейтін заңгер ме?!”, – деген болатын.
Еске салайық, "Кәсібімді жауып, 52 миллион теңге салдым" деп Айс Мұратова есімді келіншекке алданған бір топ қазақстандық заңгермен бірге полиция департаментіне жиналған еді.