Салық шегерімін қолданған қазақстандықтар 270 нысандағы декларация тапсыруы керек
Салық шегерімін пайдаланған көпбалалы отбасылар мен ипотека төлеп отырған тұрғындар 270 формадағы декларацияны тапсыруға міндетті. Себебі олар жеңілдіктің қай түрін қолданғанын көрсетіп, есеп беруге тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл табыс салығының бір бөлігін төлеуден бас тарта алатын адамдар санаты кеңейтілді. Осылайша көпбалалы отбасылар мен ұл-қызы ақылы негізде оқитын ата-аналарға, ипотекасы бар тұрғындарға жеңілдік ұсынылып отыр. Нақтырақ айтсақ, табыс салығы есебінде аударған ақшасы айлығына қосылып, жалақысы өспек. Бірақ санатына қарай сомаға шектеу қойылған.
“Көпбалалылардың жаңағы өзінің шегерімдері бар. Оны жұмыс берушіге бұл кісі береді. Және оны кейін 270 нысанында тапсырып, тиісті құжаттарды тіркеп, растайды”, – деді мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді