Салық органдары табысы мен шығысы сәйкес келмейтін азаматтарды тексеріп жатыр

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов жеке тұлғаларды тексеру мәселесіне қатысты журналистердің сұрағына жауап берді. Ол камералдық бақылау жүргізіліп жатқанын айтып, табыс пен шығыс арасында айырмашылық анықталған жағдайда қазақстандықтарға қандай шара қолданылатынын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер табысы мен шығысы сәйкес келмейтін қанша азамат анықталғанын сұрады.
“Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Камеральдық бақылау жүріп жатыр, әзірге нақты деректер жоқ. Қосымша хабарлаймыз”, – деді Ахметов.
Сейілжан Ахметовтің айтуынша, егер азаматтың табысы мен шығысы арасында айырмашылық анықталып, ол оны түсіндіре алмаса, алдымен ескерту түріндегі хабарлама жіберіледі. Одан кейін ресми хабарлама жолданып, азамат анықталған айырма сомасының 10 пайызы мөлшерінде салық төлеуге міндеттеледі.
Енді пәтерін сатқысы келетін қазақстандықтар 2 жыл күтуі керек: Жеке табыс салығының талабы өзгерді
Айта кетейік, камералдық тексеру – салықтық бақылаудың бір түрі. Ол салық қызметкерлері тарапынан тікелей инспекцияда, салық төлеушінің есептері мен декларациялары негізінде жүргізіледі. Бұл тексерудің басты ерекшелігі – инспекторлар салық төлеушінің үйіне немесе кеңсесіне бармайды, барлық мәліметті өз жүйелері арқылы тексереді.
Еске салайық, бұған дейін Жаңа Салық кодексіне түзетулер енгізілмегі хабарланған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған