Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сахнаға ұлын алып шыққан Ерке Есмахан жұртты сүйсіндірді (видео)

Үнемі елді шулатып жүретін Ерке Есмахан тағы ел назарында! Әнші тұңғыш рет сахнаға ұлы Муслиммен бірге шықты. Жұрт Еркенің бұл әрекетін қызу талқыға салды, деп жазады Stan.kz.

“Ақжайықтың ақжарқын көрермендері! Мың алғыс, жақсы көремін сіздерді! Бүгіннен бастап Муслим менімен гастрольдетіп бірге жүреді біраз, Ақтөбеден қалмай еріп шықты!
Бастамасы жаман емес! Халықтың ықыласына бөленіп мәз! Түрінен білінбесе де, эмоциясының бәрі ішінде! Тұрысын-ааай! Әдейі емес, ойнап жүріп шыға салды саxнаға! Тиіспеңіздерші балаға! Бақытты болыңыздар!” – деп жазды Ерке желідегі парақшасында.

Желідегілер үнемі би билеп, көңілді жүретін Еркені мейірімді ана образында көріп, тәнті болғандарын жеткізді.

“Көзіме жас келді, қанша дегенмен ана ғой Ерке, аналық мейірім басым”, “Керемет, баламен шыққан әдемі болып тұр, сахна сол балапанмен әдемі болып тұр. Атына заты сай азамат болсын, балапан”, “Бала ананың қасында бақытты. Жарайсың”, “Алла жар болсын, керемет, балаңыз адал перзент болсын”, “Жаным, мына көрініс әдемі, қайта-қайта көрдім, жарайсың”, – деп тамсанды желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Досхан Жолжақсынов жарына арнап Төреғалидің әнін шырқады (видео)

«Біз мінсіз емеспіз»: Лидо некеде болған 10 жыл ішінде көрген қиыншылығымен бөлісті

Меруерт Түсіпбаева: Қыз ұрлағандардың бәрін түрмеге жабу керек

Қуандық әйгілі “Болайық бірге” әнін енді Ерке Есмаханмен орындап жүр (видео)

Талқылау