Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сахара шөлінде соңғы 37 жыл ішінде алғаш рет қар жауды (фото)

Соңғы 37 жыл ішінде Сахара шөлінің солтүстігінде алғаш рет қар жауды.

116484514-Rare-snow-in-sahara-desert-2-large_trans_NvBQzQNjv4BqYXColkoLLXuxaiv3xRi-oHK3Wntis1wzDXawl8tciwE

PAY-Rare-snow-in-the-Sahara-Desert

PAY-Rare-snow-in-the-Sahara-Desert (1)

Sahara-snow-desert-Algeria-first-time-37-years-762738

sahara2111

 

Әуесқой-фотограф Карим Бучетата сирек кездесетін табиғи құбылысты алжирлық Айн-Сефра қалашығы ауданында желтоқсан айының 19 жұлдызында  суретке түсіріп алған.

«Шөлде жауған қарды көргенде, бәрі таңданысын жасыра алмады. Бұл сирек болатын құбылыс», – дейді ол.

Ер адамның сөзінше, қар ертесіне-ақ еріп кеткен.

Айн-Сефрада қар соңғы рет 1979 жылдың 18 ақпанында жауған. Сол кезде 30 минутқа созылған боран салдарынан жолдарды қар басып қалып, көшелердегі көліктер қозғалысы тоқтаған.

Сахара – Жердегі ең ірі ыстық шөл. Ол Африка құрлығы аумағының шамамен 30 пайызын алып жатыр. Қыс мезгілінде Сахараның солтүстігіндегі ауа температурасы 13 градус жылылықты көрсетеді. Шөл даланың басым бөлігінде жылдар бойы жауын-шашын түспейді. Бірақ Ахаггар және Тибести үстірттерінде жыл сайын дерлік қар жауып тұрады.

Қазір Айн-Сефра ауданындағы ауа температурасы 9 градус жылылықты көрсетеді.

Ақпан айында орталық Өзбекстандағы Қызылқұм шөлінде қар жауғаны хабарланған еді.

Талқылау