Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев елуге дейін ел демографиясына үлес қоспақ

Жақын күндері Сәкен Майғазивтің жанұясында, жағымды жаңалықтың болатынын хабарлаймыз! Әнші мен ай-күні жеткен жұбайы төртінші перзенттерін күтіп жүр. Бұл отбасының тұңғышы Әділет 20 жаста және оның соңынан ерген қос қарындасы бар!

Сәкен Майғазиев

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Дәрігерлерлік тексерістен соң Динара ханымға, ақ халаттылар қызды болатынын айтқан екен. Бірақ, Сәкеннің кішкентай бұрымдылары әулетке атұстар келеді деп күтіп жүрген көрінеді. Ал, қырықтың қырқасынан асқан ерлі-зайыптылар, перзенттеріміздің санын жетеуге жеткізсек деген ниетте.

“Ары қарай Алла Тағала күш-қуат, денсаулық берсе ары қарай да тоқтатпасақ деген ниетіміз бар. Өзім осыдан бірнеше жыл бұрын жарым 7 баланың анасы болса деген арманым бар еді”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Қайрат Нұртас өнермен қатар, өмірде де шоу жасауға құмар! Жанұясын 10 жыл бойы жұрттан жасырған хитмен, төрт перзенттің әкесі екенін жақында ғана жария еткен еді. Балаларын басты байлығы санайтын бұл жұлдызды жұп та, мұнымен тоқтап қалмақ емес!

“Тоқтамаймыз ғой шама келгенше. Құдай қаласа бола береді”, – дейді Қайрат.

“Қайратқа күйеуге шыққанда мен бірге ән айтамын сахнаға деп шыққан жоқпын. Ең бастысы осы отбасына келін болып, осы отбасында балалы-шағалы болып, ұрпақ әкелсем деп тидім”, – дейді Жұлдыз.

Ел демографиясының өсуіне үлесін тигізген жұптардың қатарына, Қыдырәлі мен Қарақатты қосыңыз. Болмановтың төрт мұрагері мен жалғыз кестетігері бар.

“Жайлап өсіп келе жатыр. Көз қуанышымыз болып, Аллаға шүкір. Алда енді тұсаукесер тойы бар. Сондай бір жақсы күндерді ойлап жүрміз. Жақсылықтың болатынына сеніп жүрміз! Ағаларының арасында еркелеп, өсіп келе жатыр”, – дейді Қарақат.

Динара Сұлтан да 5 баланың анасы. Бұл отбасында екі ұл мен үш қыз өсіп келеді. Ал, әншінің жұбайы өнерден алыс, кадрдан тыс жүргенді қалайды екен.

“Менің жолдасымның ешқандай қатысы жоқ музыкаға. Ол өзі музыканы сүйеді, жақсы көреді. Бірақ, музыкаға ешқандай қатысы жоқ”, – дейді Динара Сұлтан.

Тағы оқыңыз: 

Танымал әзілкеш Ерке Есмаханның жаңа бейнебаянын сынға алды

Қарақаттың 1 жасар қызы тұсауын кесетін адамды өзі таңдаған (видео)

Әбдіжаппар Әлқожа: Мен Қайрат сияқты әйелімді, балаларымды елге әшкере қылмаймын

Жатақханада тұрған: Қазақстандық кəсіпкер белгілі қазақ ақынына Астананың төрінен пəтер алып берді

Талқылау