Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиевтің жүкті әйелі аурухананың жан сақтау бөліміне түсіп қалды

Әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара ауруханаға түсіп қалған. Келіншегімнің жоқтығы білініп жатыр деп, әнші қызы екеуінің суретін желіге жариялаған.

 

Қызымның анасын көрмегеніне бір апта болды.4-қаңтар күні сапардан келсем жарым жан сақтау бөлімінен бір-ақ шығыпты.Сол,тұмау ғой,баяғы.Кім ауырмай жатыр дейсің…Бірақ,айы-күні жақындаған әйел мен анасын сағынған періштенің ішқұса болып ауырғаны ауыр тиіп,шарасыз болып жатқаным болмаса.АЛЛАның кішкентай сынақтары ғой.😊Көздерін жәудіретіп балапандарын тастап кетіп жатқан жандарда жүрек жоқ-ау,сірә…Сөйтіп,дядя Сәкен “няня” Сәкен болып жатыр.😊АЛЛА тағала анасын баласынан ажыратпағай.😊🇰🇿👼🏻🌎🏇☀️

Фото опубликовано Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

Жарының жансақтау бөліміне түсіп қалғанын, әнші 4 қаңтарда іс-сапардан үйіне оралған кезде барып бір-ақ біледі. Ойда-жоқта ауруханадан бір-ақ шығуының себебі қатты тұмауратып қалуында екен.

Әнші уақытша қиындық болса да, үйде әйел адамның болмай қалғаны отбасы мүшелеріне қиын тиетінін тілге тиек етеді. Әсіресе, анасынан біраз күнге ажырап қалған кішкентай қызының да көңіл-күйі онша емес екенін жазған.

Осы ретте қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жәйтті де айтып өтеді. Ол “адамдар қалайша балаларын қатыгезденіп тастап кетеді” деп қынжылыс білдірген.

Талқылау