Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: Студент кезімде барлық әнді жұбайыма ғана арнайтынмын

Әнші студенттік шақта барлық әнін болашақ жұбайына арнағанын айтты.

19534011_1959830660967489_7612450071799398400_n

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/?hl=ru

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында бағдарламасында айтылды.

Әншілер Қазақстан бойынша ең көп таралған есімдерге арнап ән жаздыруды сәнге айналдырған. Осылайша тойдағы табыстарын көбейткісі келсе керек. Десе де, Жігер Ауыпбаев “Айзере” есімінің соңғы 3 жылда Қазақстан бойынша танымал болғанын білмегенін айтып жатыр. Ал әнші Сәкен Майғазиев керісінше белгілі бір есімге арнап ән жаздырғанды ұнатпайтынын айтады.

“Студент кезімізде шырқалған әндердің барлығын дерлік жұбайымызға арнап айттық. Өнер академиясында Жанболат, Мақсат, Мейрамбек – бәріміз оқып жүрген кезде көп әнді өзіміздің ғашығымызға арнап шырқадық. Алдағы уақытта “Раяна” деген ән жаздырамын деген ой жоқ. Бірақ, оған арнап “Қызым менің” атты әнін шығарған болатынмын. Ол жалғыз менің Раянама немесе Мәриямыма ғана емес, иісі қазақ қыздардың барлығына арналған”, – дейді Сәкен Майғазиев.


Жіберіп алмаңыз:

Әбдірайымов не себепті қызына әннің атын бергенін түсіндірді

Баян Мақсатқызы орыс тіліндегі кітабының тез сатылғанын айтып мақтанды

Бағлан Әбдірайымов тойды 1 млн теңгеге жүргізетінін айтып мақтанды

Тыңдарманы Дұғаловаға бала күнгі суретін жіберіп таңқалдырды (фото)

Талқылау