Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев: "Шымкентский вариант" дейтіндерді иттің етінен жек көрем, олар ең сорлы адамдар

Сәкен Майғазиев қызметі, шығармашылығы мен өмірлік ұстанымы жайлы баяндады. Өнер адамдарына басшы болуға емес, өнерге қызмет етуді қалайтын өнер өкілі басшылық қызметке келуінің себебін ашып айтты. Одан басқа да жаңалықтарын айтты. Өмірде өзін "Шымкентский вариант" жасайды деп айыптайтындарға өкпелі. "Найман" деп руға бөлетіндерді де жақтырмайтынын айтты.

Бұл туралы әнші "Жиырма бесінші сағат" бағдарламасында айтты.

"Музарт" тобының мүшесі, әнші, Сәкен Майғазиев жақында Шымкент қаласындағы Шымкент қалалық мәдениет үйіне басшылық қызметке келді. Әншіні мемлекеттен бөлінген қаржыны жұмсады деп айыптағандар табылды. Бұған қатысты Майғазиев толыққанды жауап беріп өтті. Майғазиев басшылық қызметке не себепті келгенін ашып айтты.

"Маған басшылық қызметті ұсынып Шымкентке шақырғанда бір-екі күн ойландым. Анама хабарластым. Анам ауылға жақындайтыныма қуанып, батасын берді. Екінші, әйеліммен ақылдастым. Әйелім де Шымкентті жақсы көреді. Баратыныма қуанды. Одан кейін өнердегі ағаларыма хабарласып, кеңес сұрадым. Мейрамбек те, басқа жігіттерді сәттілік тілеп, қолдау көрсетті. Осылайша көптің қолдауымен Шымкентке бардым.


Сәкен Майғазиев: Мені "жемқор" деп дәлелсіз айыптағандар заң алдында жауап беруге дайындала берсін


Мейрамбектің бір сөзі бар. "Өнер адамдары басшылық қызметке келсе, өнерді емес, өнер адамдарын басқаруым керек екен деп ойлайды" дейді. Шындығында да, солай. Мен өнер адамдарын басқаруға емес, өнерге қызмет етуге келдім. Шымкенттің, Түркістанның дамуына үлес қосайын деп келдім. Ақан ағам "қалай баруды емес, әдемі кетуді ойла" деді. Бұдан артық ешқандай кеңес те, көмек те керек емес деп ойлаймын", - деді Майғазиев. 

Сәкен Майғазиев өзі  халық алдында жүрсе де, жанармайға ақша таппай қалатын кезіміз болады дейді. Ал қарыз сұрайтын адамың - ең жақын адамың деген ойда.

"Өмірде егер біреуден ұялмай қарыз сұрай алсаң - ол сенің ең жақын адамың. Себебі сен оған ақшаң жоқ екенін ұялмай айта аласың. Оның алдында кішірейе аласың, кемшілігіңді көрсетуге ұялмайсың. Өзің туралы не ойлайды деп қорықпайсың. Жақын адамыңа ғана солай ашыла аласың. Менің небір миллионер достарым бар. Олардан ешқашан қарыз сұрай алмауым мүмкін. Себебі мен туралы жаман ойлап қалмаса екен, ақшасы жоқ екен деп қалмаса екен деп қорқуым мүмкін. Қандай да бір арада шекара болады. Жақсы жағынан ғана көрініп жүрсем екен деп қорқуым мүмкін", - деді әнші. 

Майғазиев өзінің адал жолда қызмет етіп жүргенін айтады. Сондықтан өзі туралы ғайбат айтқандарда, өзін пайдаланып жүргендерде шаруасы жоқ. 

"Менің ешкімде шаруам жоқ. Мен ешкім туралы жаман ойламаймын. Мен иман келтірген адаммын. Мен туралы жаман айтатындарда шаруам жоқ. Ең жек көретін сөз - "Шымкентский вариант" деген әңгіме. "Найманский вариант", "Қазақ десе, өзіңе тиеді" деген сөздер. Бұл сөзді иттің етінен жек көрем. Ең сорлы адамның айтатын сөзі. Мені бірден алып, бірге салып, ақша жасап, өз пайдасын жасап қалған адам деп ойлайды. Мен ондай адам емеспін", - деді әнші. 

Талқылау