Сәкен Майғазиев латын әліпбиінің нұсқасына қарсы шықты
Елімізде латын әліпбиіне қатысты даулы сұрақтар өз шешімін әлі тапқан жоқ. Көпшілікке жаңа әліпбидегі қазақ әріптерінің екі таңбамен жазылуы ұнамады. Бұл пікірге әнші Сәкен Майғазиев те қосылды, деп жазады Stan.kz.
“Иә, мен тіл маманы, лингвист емеспін. Менің пікірім де ештеңе өзгерте қоймас. Десек те, Елбасымыз, таңдау жасап, талқыға салуға мүмкіндік беріп тұрғанда, тұғыры биік тәуелсіз Қазақстанымыздың азаматы ретінде менің таңдауым суреттегі нұсқаға түсіп тұр. (Төменгі суретте қою-жасылмен боялған елдер латын әліпбиі қолданысқа ие елдер.)
Оған түрткі болған Қазыбек Иса ағамыздың мына мақаласынан үзінді: “Бірден айтайық, қазақы әріптердің «Ә» – ае, «Ө»-ое, «Ү» – ue болып, диграфпен белгіленуі көпшілік үшін тосын болды және ұнай қойған жоқ. Екі әріптің қатар таңбаланып, бір дыбысты беруі халықаралық әліпби әлемінде бар дейді әліпби жасасаушылар. Иә, ағылшында, «Ш» әрпі «sh»-деп, ал неміс әліпбиінде тіпті «sch»-деп үш әріппен таңбаланатынын жақсы білеміз. Бірақ, бұлар дауыссыз дыбыстар екеніне мән бермеген секілді жұмыс тобындағылар. Қосарланған әріптер дауысты дыбыстарға келмейді. Мысалы, «Әлім» деген адам атын біздің жаңа әліпбимен жазсақ, «aelim» болып шығады. Сонда бұны ертең жұрт «Әлімді» «аелім» яғни, «әйелім» деп оқып, жанжалға ұрынып қалмаймыз ба?”, дейді Қазақстанның мәдениет қайраткері, “Тіл жанашыры” Құрмет белгісінің иегері”, – деп жазды әнші желідегі парақшасында.
Жіберіп алмаңыз:
Елді шулатқан “Зың-зың” әнінің ресми бейнебаяны жарыққа шықты (видео)
Меруерт Түсіпбаева: Көлігімді жұбайым ретінде жақсы көремін (фото)
Шәмшінің қарындасы: Қалдыбек Құрманәлінің “Қалдаяқовтар жүрген мүсәпір” деп айтқаны жаныма батты
Дана Нұржігіт: Қыз балаға «оқы» деп емес, «сен әдемісің» деп көбірек айту керек