Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәкен Майғазиев әртістерді кінәлап, күйе жаққандармен күреспек

Қоғамда қозғалған өзекті мәселелерге өзіндік пікірін айтып, белсенділік танытатын Сәкен Майғазив, бұл жолы өнердегі әріптестеріне араша түспек. «Музарттық» әнші музыканы мамандық, әртісті адам деп санамайтындардың енді мысын басуға бел буыпты.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

“Осыдан бәленбей жыл бұрын, жұрттардың түсінігінде өнер адамдары сондай бір араққұмар, темекі шегетін нашақорлыққа жақын, болмаса жаңағы жеңіл жүріске дайын деген пікірлердің қайдан пайда болғанын білмеймін”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Иә, Сәкеннің сөзінің жаны бар! Бұл түсінік бұрыннан қалыптасқан. Мәселен, Жанна Орынбасарова өнер жолына бет бұра бастаған сәтте, әкесі талай мәрте тосқауыл қойған көрінеді.

“Әртіс боламын деген кезде, әрине менің әкем қарсы болған. Жоқ, сен инженер боласың, құрылысқа барасың, менің жолымды қуасың деген ойлар болды. Қарсы болды кәдімгідей”, – дейді әнші Жанна Орынбасарова.

Бала Айқынның музыкаға аңсары ауғанда, әншінің отбасында мұндай мәселе туындамаған. Өйткені өнер иесінің өз әкесі ақын, сатирик болса, кезінде анасы сауық-кештердің шырайы болған деседі…

“Әртіс болма деген сөз біздің жанұяда емес шығар. Басқаларда айтылатын шығар. Бізде әртіс болсаң мықты боласың деген сөздер болатын”, – дейді Айқын Төлепберген.

«Замынан сай адамы! Бүгінде санамызға сіңген бұл стеротип бұзылды», – дейді Маржан Арапбаева. Оның сөзінше, әншілік өнер – кез-келген жанның басына бұйыра бермейтін бақ.

 “Өнерге адамның өмірі байланысты болса ол өте керемет. Өйткені, ән салу менің ойымша үлкен бір мамандық. Әнші болу ол бір жеңілтек ретінде неғұрлым олай қарауға болмайды. Адамның бойындағы қасиет қой шыны керек”, – дейді Маржан Арапбаева.

Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмудидің күйеуі алғаш рет сұхбат беріп, не себепті елден жасырынып келгенін айтты

Жүрек айнытатын шоу: Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызының бағдарламасын сынап тастады

Жас жігіттермен билеген Баян Есентаеваны жұрт танымал қалды (видео)

Меруерт Түсіпбаева: Күйеуге шығатын жігітті жасанды пәктікпен алдай салған дұрыс

Талқылау