Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сағи ұлынан қалған қыз": Асанәлі Әшімов немересін өз қолымен ұзатты

Немересін ұзаттыФото: Видеодан скриншот

Желіде белгілі актер, қазақ өнерінің майталманы Асанәлі Әшімовтің немересін ұзатып жатқан сәтінен видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Tiktok желісінде тараған кадрларда өнер иесі немересін келешек жұбайының қолына табыстап тұрған сәті көрінеді. Видеоға пікір қалдырған жұрт қалыңдық өнер иесінің марқұм ұлы Сағидың қызы екенін жазып жатыр.

“Асанәлі ағамыздың Сағидан қалған бір қыз және бір ұл немересі бар. Сол өзінің немересін ұзатып жатыр”, “Қай қазақта әкесі табыстайды қызын? Ел ағасы осылай ұзатып жатса, жетісіп қалыпсыңдар, ақырзаман осы шығар”, “Сағидің қызы шығар, Әкесі өмірде жоқ, атасы ғой”, “Немере қызын ұзатып жатыр ғой”, “Бұлар қазақ дәстүрін білмей ме?”, “Осындай ұлы адамның ұрпақтары өз салт-дәстүрін ұмытып жатқаны өте өкінішті!”, “Мына шал алжасқан ба деп ойлап қалдым ғой”, – деп жазған олар.

Желіде тараған видео аз уақыт ішінде кеңінен талқыланып, танымал тұлғаның отбасы өміріне деген қызығушылықты арттырды.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 10 Қараша, 2025 17:36
Талқылау