"Сағаты – 100 миллион теңге": Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды
Белгілі желі жұлдызы, блогер Жансая Махабаева кәсіпкер Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образын есептеп көрді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/tursenalaguzov/
Желі қолданушысы сырт киімдерінен бастап, бұйымдарына дейін бағасын есептеді.
“Отандық бизнесмен, сәнді киім үлгісімен танымал Тұрсен Алагөзовтің мына образы қанша тұрады деп ойлайсыздар?
Әдеттегідей киімінен бастайық, күртешесі Prada брендінен, бағасы – 1 миллион 143 мың теңге. Жемпірі шамамен – 797 мың теңге. Джинсі Louis Vuitton брендінен, бағасы шамамен – 957 мың теңге.
Мына мойынорағышы Louis Vuitton брендінен, бағасы шамамен – 415 мың теңге.
Аяқкиімі Prada брендінен, бағасы – 452 мың теңге. Көзілдірігі де Prada брендінен, бағасы – 213 мың теңге. Ал енді әшекейлеріне көшейік. Мына қолындағы білезігі Cartier брендінің Juste un Clou топтамасынан екен, қалыңдауының бағасы шамамен – 4 миллион 598 мың теңге. Ал мына сағаты Patek Philippe брендінен, толықтай алтыннан жасалған, бағасы – 100 миллион 453 мың теңге.
Сонымен барлығы – 109 миллион 28 мың теңге", – деді блогер.
Еске салайық, продюсер Баян Мақсатқызы күйеуінің туған күніне гауһартаспен көмкерілген тұмар сыйлаған еді.
Одан кейін Тұрсен Алагөзовтің туған күніне арнайы жасалған 120 келі торттың салмағы қызу талқыланған болатын.