Садриддин Ахмедов әлемнің ең үздік 30 боксшысының қатарына кірді
Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов АҚШ-тағы жарқын жеңісінен кейін әлемнің ең үздік 30 боксшысының қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) АҚШ-тағы жеңісінен соң Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингіне енді. “Қазақ сарбазы” лақап атымен танылған боксшы 31 тамызда Санта-Йнесе қаласында (Калифорния, АҚШ) өткен бокс кешінде америкалық боксшы Антонио Тоддты бірінші раундта нокаутпен ұтқан еді. Осылайша кәсіпқой рингте 14-рет жеңіске жеткен Ахмедов Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) рейтингінде үздік отыздыққа енді. Бірінші орта салмақтағы WBC әлем чемпионы белбеуі АҚШ cпортшысы Себастьян Фундораға тиесілі.
Айта кетейік, рейтингтегі үздік үштіктің қатарында америкалық Эррол Спенс, украиналық Сергей Богачук және өзбекстандық Исраил Мадримов бар.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

