Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Айгүл Иманбаеваның немересіне бриллиант сыйлады
Фото: Видеодан скриншот
Танымал актер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші әйелі Динара Абдуллина әнші Айгүл Иманбаеваның немересіне ерекше сыйлық тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, Айгүл Иманбаева немересінің тұсаукесер тойын жасаған еді.
“Бұл қыз – ерекше. Бізде бір ата-әже болса, Айсұлуда – төртеу. Құшағымызды жайып, жақсы көріп тұрамыз. Саналы, салиқалы ұрпақтардан болсын! Қолымыздағы барымызды береміз. Бүгінгі мерекесіне өз атымнан алтын сырға мен бриллиант сыйлаймын", – дейді Динара Абдуллина.
-
"Ұлынан екі жас үлкен": Танымал журналист Айгүл Иманбаеваның келініне қатысты жазба жариялады
-
"Келініме бір-ақ нәрсе айттым": Айгүл Иманбаева қандай ене екенін айтты
Одан кейін журналист Анна Данченко көпшілікке Сәбит Әбдіхалықовтың келіншегін таныстырды.
“Ағамыздың қазіргі жары да – актриса. Күйеуінен 16 жас кіші. Сәбит мырзаның үш әйелінен 8 баласы бар. Той ерекше өтті”, – деп жазды журналист.
Айта кетейік, көпшілік Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева немересін әнші Алтынай Жорабаеваның қыздарына ұқсатып жатыр.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
