Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаншама еркектің көзайымы болып жүр": Орамалдағы әйел блогер Сабина Мовлаеваға үндеу жасады

Блогер Фариза Сабина Мовлаеваға үндеу жасадыФото: https://www.instagram.com/sss.sabina

Желіде қазақстандық әйел Фариза Мырзабек әнші әрі блогер Сабина Мовлаеваға үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әйелдің үндеу жасауына күйеуінің Сабина Мовлаеваның билеген видеосына қарауы себеп болған. Ол хиджаб киген әйелдердің ашық киім киіп, тәнін көрсетіп видеоға түсетін бойжеткендердің әсерінен боянып, сәнденіп, еріндеріне ботокс жасататынын алға тартты.

“Әйел ретінде Сабинаға айтарым бар. Көп адам орамалдағы қыздардың неліктен кірпік жабыстырып, ерін үлкейтетінін сұрайсыздар. Осындай видео түсіретін қыздардың кесірінен деп айтайын”, – деді ол.

Оның сөзінше, Сабинаның тән сымбатына тамсанатын ер адамдардың қатарында үйленгендер де бар.

“Тамақ істеп жатсам Сабинаның билегенін күйеуім кідіріп, көріп тұрды. Ол менің жүрегіме батты. Иә, мен орандым. Біріншіден, Алладан қорыққаным үшін, екіншіден күйеуімнің ақыретін ойлағандықтан орандым. Өйткені еркектің жасаған жақсылығы мен садақалары әйелінің шашы жалаңбас болса, қабыл болмайды дегенді естіген соң орандым. Сол видеоны көргені үшін күйеуіме қатты ренжідім. Сабина қаншама бойдақ еркектердің көзайым болып жүргені бет-әлпетінің арқасында екенін жақсы біледі. Тек үйленбеген жігіттердің арасында үйленгендер де кетіп қалып жатыр”, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Сабина Мовлаева футбол көремін деп келеңсіз жағдайға тап болғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Бейсенбі, 11 Желтоқсан, 2025 16:03