Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбиінің үлкен дәретінен қан шығатын әйел мамандардан көмек сұрады

Сарыағаш ауылының тұрғыны үлкен дәретінен қан шығатын сәбиі үшін алаңдап жүр. Айгүл ханым қазақстандық мамандардан көмек сұрады.

18011650_1507405179332821_4903518819873456128_n

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Сарыағаш ауылының тұрғыны Айгүл Абдулла сәбиінің үлкен дәретінен шығатын қан үшін алаңдап жүр. Дәрігерлер оған «сальмонеллез» деген диагноз қойған екен. Әдетте емнен кейін бір ай көлемінде сәбидің денсаулығы жақсарып, дәретіндегі қан жоғалады. Алайда араға біраз уақыт салып тоқ ішегінен қан аға бастайды екен. Айгүл ханым дәрігерлердің табалдырығын тоздырғанын айтып жатыр.

«Балам 7 айлық болған кезінде үлкен дәретінен қан шықты. Осы уақытқа дейін денсаулығында барлығы дұрыс болды. Өзім Оңтүстіктегі Сарыағаш ауданының тумасымын. Бірақ сәбиімді Астанаға әкеліп қараттым. Дәрігерлер бойында инфекцияның бар екенін айтты. Әдетте балам құспайды, тек үлкен дәретінен қан шығады. Осылайша жеті күн ауруханада жатып, емделіп шықтық. Бір айдан кейін осы жағдай қайтадан қайталанды. «Сальмонеллез» деген диагноз қойылды. Бұл індетті қайдан жұқтырғанымызды білмейміз. Мұны сүт пен алмадан көрдік. Тағы 14 күн ауруханада жатып емделдік. Жағдай бір айдан соң тағы да қайталанды. Дәрігерлер «Балаңызға шіріген алма бергенсіз» деп өзімнен көре бастады.

Дұрыс емдемегендерін айтсам, «Система құйылып жатыр. Дәрі беріліп жатыр. Бұдан артық сізге не керек?» деп ұрсады. Желтоқсанның 25-і күні ауруханадан шығып, Оңтүстікке жол тарттық. Шындап келгенде, барлық жерде ем бірдей. Ең күшті антибиотиктер салады. Шымкентте «салменоза» деген дәрі берді. Осыдан кейін үш ай бойы ешнәрсе мазаламады. Алма-банан бере бастаған едім, үлкен дәреті қан аралас болып шыға бастады. Тағы антибиотиктер салатынын білгендіктен, ауруханаға жатқым келмейді. Әр екі-үш ай сайын осы оқиға қайталанып отырады…Қазір сәбиім бір жас үш айғf толды. Бірақ, бәрібір үлкен дәретінен қан шығады. Үлкен дәретке отыратын кезде жылап тырмысып кетеді», – дейді Айгүл ханым.

Ал мамандар өз кезектерінде мұның басқа ауру екенін айтты. Оны шұжық секілді тағамдардан жұқтыруы мүмкін деген болжам жасады.

«Бұл инфекцияны ауруханадан жұқтыру мүмкін емес. Яғни ол белгілі бір тамақтан жұққан. Ол ауа арқылы немесе біреу құшақтағаннан жұқпайды. Әдетте шұжық секілді тағамдардан жұғады. Сіз бірінші рет емделдіңіз. Шымкент қаласына барып тағы да емделдіңіз. Бірінші ем дұрыс болған. Екінші аурудың сальмонеллезге еш қатысы жоқ. Сол себепті басқа ауруларға тексерілген жөн. Тамақ, ішек, асқазаннан шыққан қанның түсі қара болады. Ал егер қызыл болып шықса, тоқ ішекте жара бар. Яғни практолог маманға барыңыз», – дейді дәрігер Қанат мырза.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Жыныстық жолмен індет жұқтырған жігіт мүшеқапқа сенбеуге шақырды

Жолдасынан ЖҚТБ жұқтырған келіншек сәбиінің аман-есен туылғанына қуанған

Күйеуі жұмыстан 5 минутқа кешіккені үшін сабаған әйел көрген қорлығы туралы айтты

19 жастағы бойжеткен: Күйеуіме түнде ғана керекпін

Талқылау