Африкалық әйел Димаштың әнін тыңдап, 28 жылда алғаш рет жылағанын айтты (видео)
28 жыл бұрын сүйіктісінен айырылып қалған Оңтүстік Африка республикасының азаматшасы Димаштың әні арқылы жан-жарасының жазылғанын айтты.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Аты әлемді шарлаған Димаштың фан-клубы желіге ОАР тұрғынының хикаясын баяндайтын видео-ролик жүктеді. Жантебірентерлік хикая Димаштың фанаттарын жылатып жіберді.
Видеода, африкалық азаматша 28 жыл бұрын сүйіктісінен айырылып қалғанын айтып берген.
«Ол кезде әртүрлі нәсіл өкілдеріне қосылуға болмайтын», – деп бастайды әңгімесін әйел.
Айтуынша, өзге нәсілді жігітті сүйіп қалғандықтан, әскери адамдар оларды аңдып жүрген. Күндердің күнінде екеуін ұстап алып, қамаққа алып барған. Артынша өздеріне қажетті құжаттарға қол қойдырып, жігітті сүйіктісінің көзінше өлтірген. Әйел сол сәтте не жылай, не күле алмай, есеңгіреп қалғанын айтады.
Содан бері 28 жыл өтсе де, африкалық азаматшаның жан-жарасы жазылмаған. Ол осы уақыт аралығында бар қайғысын ішіне жұтып, тіпті жылай алмағанын жеткізді.
Жуырда әйел кездейсоқ Димаштың әнін тыңдап қалып, 28 жылда алғаш рет жылаған. Африка азаматшасы Димаштың әні арқылы жан-жарасының жеңілдегенін, 28 жылда алғаш рет тыныш ұйықтап, адам ұқсап ас ішкенін тілге тиек етті. Бұл ретте ол қазақ әншісіне алғысын жеткізіп, онымен бір жүздесуді армандайтынын жасырмады.
Жіберіп алмаңыз:
Нұрлан Еспановтың әйелі аты жаман дертке шалдығып қалды
Ақбота Сейітмағамбет: Бірінші әйелі рұқсат берсе, балаларымыздың бірге өскенін қалаймын
Мәдина Сәдуақасова концертінің билеттерін 20 мыңға сатып жүргендерді көріп шошыған