Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісімен ренжісіп қалған астаналық ер адам көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болды

Астанада Ұлттық ұлан сарбаздары көпқабатты үйдің шатырынан секіріп өлмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұлан баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Оқиға 18 наурызла Кеңесары көшесінде орын алған.

Ұлттық ұлан сарбаздары көпқабатты үйдің шатырының шетінде отырған ер адамды байқап қалған.

Олар бұл туралы басшылыққа хабарлап, ер адам отырған шатырға көтерілген.

Сарбаздарды байқап қалған ер адам шатырдан секіріп кетпек болған. Алайда сарбаздардың бірі ер адамның күртесінен ұстап үлгеріп, құтқарып қалды.

Артынша сарбаздар ер адамның сол қолынан қан іздерін көрген. Ер адам шатырдан секірмес бұрын қолының көктамырын кескен болуы мүмкін. Сарбаздар оқиға орынына жедел жәрдем шақырды.

Мұнан кейін аталған оқиғадан бұрын ер адамның сүйіктісімен ұрысып қалғаны анықталды. Мас күйде болған ер адам сүйіктісімен татуласпақ болыпты. Сүйіктісі оған көнбей қойғандықтан, ер адам өзіне қол жұмсайтынын айтып қорқытқан.

Сүйіктісімен татуласа алмаған ер адам осылайша өзіне қол жұмсамақ болыпты.

Оқи отырыңыз:

Челахтың қорғаушысы Серік Сәрсенов өмірден озды

Қостанай облысында түрмеде жазасын өтеп жатқан 4 сотталушы уланып қайтыс болды

Астанада барлық бағыттағы жолдар жабылды

Павлодарда 8 жасар бала жілікті бір ұрғаннан қақ бөліп, көпшілікті таңғалдырды

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр