Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісімен бес жыл бірге тұрған Луина тойдың әлі жақын арада болмайтынын айтты

Әнші Луина қазіргі таңда тек көк жәшіктің алдында отыратын көрермендер алдында ғана емес, әлеуметтік желіде де өте танымал. Ол шығармашылыққа жан-тәнімен беріліп, әдемі киімдер сатып алғанды ұнатады, спортпен белсенді түрде айналысып ел қатарлы өмір сүреді. Алайда желі қолданушылары үнемі Луинаны алып-қашпа сөздердің арасына қосып, сыртынан түрлі пікір айтады.

Moschino-14-03-20-23

Әнші шынайы өмірде қандай екенін Рandaland журналына берген сұхбатында айтып берді. Әрі осы сұхбатында көптеген сұрақтың нүктесін қойды.

Луина тілшінің “Желі қолданушылары сізді ашық-шашық киімде фотосессия жасайды деп айыптайды. Мұндай сындарға қарсы айтарыңыз бар ма?” деген сұрағына “Белгілі бір шекара бар. Менде жартылай жалаңаш түскен фотосессиялар өте көп, бірақ мен барлығын дерлік инстаграмға салмаймын. Бұл суреттерді шығарып, өзім үшін үйге іліп қоямын… Мен өзімді қамтамасыз ете алатын үлкен қызбын. 5 жыл бойы бірге тұрып жатқан жігітім де бар” деп жауап беріп көптің пікіріне аса мән бермейтінін айтты.

27a1ae488d6804573e601eea2295052c

Бұдан өзге сүйіктісі туралы сұраққа “Ммм, осы сәтте мен көздеріммен жауап берейінші… Шамамен жауап бердім деп есептейік. Бізде барлығы жақсы деп айта аламын” деді.

“Мен асықпаймын. Біз бес жыл бойы біргеміз және мен той туралы көп ойланбаймын. Менің өмірім жақсы. Мен күн-түн демей қыдыратын жандардың қатарынан емеспін. Менде барлығы бірқалыпты. Қысқа көйлекті өзім сымбатты болған соң киемін. Оның үстіне біреудің ырқына көнетін жастан өтіп кеткендіктен, көпшіліктің пікіріне құлақ аспаймын. Мен жеке өмірімді жасырмаймын, жақын достарым мен әріптестерім біледі. Біз қарым-қатынасымызды БАҚ өкілдерінің алдында жарияламаймыз. Бар болғаны бір күні той болатын күннің жақындап қалғанын жариялаймын. Әзірге бұл жоспарымда жоқ” деп ұлан-асыр тойдың ауылы алыста екенін айтты.

всмара

Қос ғашық бала мәселесі туралы да сөйлесіп үлгерген. Мұнымен қатар, немере бағуға дайын тамаша енесінің бар екенін де айтып өтті.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Кентал мен Луинаның “Перизат” әнінің кавер нұсқасын айтқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау