Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Руслан Берденовке қатысты істе екі тарап та апелляциялық шағым түсірді

Шымкенттің апелляциялық сот алқасы Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов пен Ернар Жиембайдың атышулы ісі бойынша апелляциялық шағымды қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық соттың баспасөз қызметі екі тараптың да апелляциялық шағым түсіргенін растады.


"Келініме лүпіл басып, хабарлама жазумен шектелмеді": Берденовке қастандық жасаған сотталушының әкесі пікір білдірді


"Денсаулығына көңіл бөлуді жөн көрген секілді": Шымкент әкімдігі Берденовтің қызметінен кетуі мүмкін екенін айтты


"Апелляциялық сот отырысы 8 қазан  сағат 12:00-де Шымкент қалалық сотының ғимаратында өтеді", – деп хабарлады сот.

Еске салайық, 21 сәуір күні Руслан Берденовке Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының алдында оқ атылып, ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Бұл іс бойынша айыпталушы қалалық құрылыс басқармасына қарасты "Тұрғын үй Шымкент" ЖШС-нің бұрынғы директоры – Ернар Жиембай. Жәбірленуші Руслан Берденов сот отырысына онлайн режимде қатысқан. 18 тамызда прокурор Ернар Жиембайға 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Алайда айыпталушының қорғаушысы тағылған айыппен келіспей, оның әрекетін "кісі өлтіруге оқталу" емес, "қасақана ауыр зиян келтіру" деп бағалау керек екенін айтқан.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 02 Қазан, 2025 16:46
Талқылау