Рудныйда ер адам әйелді шашынан ұстап асфальт үстімен сүйретті (видео)
Рудныйда ер адамның әйелді шашынан ұстап жол бойымен сүйрелеген видеосы пайда болды. Кадрда әйелдің әбден ұрылған және беті қан екені байқалады.
Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
Әйелді ұстап тұрған ер адам оны сүйрей жөнеледі. Оған жақындап келген басқа ер адам әйелді босатуды, ақымақтық жасамауды сұрайды.
“Бұл менің әйелім. Ол менің көзіме шөп салды”, – дейді ер адам.
“Бұл өтірік! Мен оның көзіне шөп салған жоқпын. Ол тек ішіп алған”, – дейді айғайлаған әйел. Оқиға Рудный көшелерінің бірінде, көшедегі адамдар мен балалардың көзінше болған.
Оқи отырыңыз:
Атырау облысында екі баланы ұрлап кеткен әйел ұсталды
Ақтөбе полициясы көшеден табылған панасыз балалардың туыстарын іздеп жатыр
Жомарттықтың зияны: БҚО-да бейтаныс адамға қоңырау шалуға берген әйел телефонсыз қалды
Талқылау