Рождествоны пайдаланған ұрылар банк қоймасының қабырғасын тесіп, бірнеше сейфті ұрлап кетті
Фото: Гельзенкирхен полициясы
Германияда Рождество кезеңін пайдаланып, ұрылар бөлшек сауда банктерінің бірінің қоймасынан 10 миллион еуро мен бағалы заттарды ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға Гельзенкирхен қаласында орналасқан Sparkasse банк бөлімшесін болды. Ұрылар бөлімшесінің қалың бетон қабырғасын бұрғылап, сейф жәшіктерін алып кеткен.
Германияда дүкендер мен банктердің көбі Рождество мерекелеріне байланысты 24 желтоқсан кешінен бастап жабылады. Полиция тесікті тек 29 желтоқсан күні таңертең ерте өрт дабылы іске қосылғаннан кейін ғана анықтаған. Кейін ондаған ашулы клиент банк алдына жиналып, қатты дауыстап: "Бізді кіргізіңдер!" деп ұрандады.
"Кеше түнде ұйықтай алмадым. Бізге ешқандай ақпарат берілмей жатыр", – деді банк клиенттерінің бірі Welt телеарнасына.
Оның айтуынша, ол сейфті 25 жылдан бері пайдаланып келеді және онда қарттыққа арналған жинақтарын сақтаған. Тағы бір ер адам өз банктік жәшігін отбасының қолма-қол ақшасы мен әшекей бұйымдарын сақтау үшін қолданғанын айтты.
-
Ванганың 2026 жылға арналған болжамдары: Дүниежүзілік соғыс және жерден тыс өркениетпен байланыс
-
Жеке компания жаңажылдық кешке келмеген қызметкерін жазалаған
Полицияның хабарлауынша, сенбі күні кешке куәгерлер көрші көпқабатты автотұрақтың баспалдақ алаңымен бірнеше ер адамның үлкен сөмкелер көтеріп бара жатқанын көрген.
Сондай-ақ дүйсенбі күні таңертең гараждан ішінде бетперде киген адамдар отырған қара түсті Audi RS 6 көлігі шығып кеткені туралы хабарлар түскен. Полиция мәліметінше, көліктің нөмірі Гельзенкирхеннен солтүстік-шығысқа қарай 200 шақырымнан астам қашықтықтағы Ганновер қаласында ұрланған автокөлікке тиесілі болған.
2026 жылдан бастап Қазақстанда қандай саяси өзгерістер болады – Сарапшылар пікірі