Роза Рымбаеваның келіні босанғаннан кейінгі күйзеліс туралы айтты
Жақында ана атанған Ақерке Бүркітбай қыз-келіншектерге босанғаннан кейінгі күйзелістен шығудың жолдарын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
©instagram.com/akerkeburkitbay
“Декреттің алғашқы айлары, әсіресе, бірінші мәрте ана болған әрбір әйелге жеңіл болмайтыны анық.Қол-аяғың енді жеңілдеп, бауырыңа алған жаңа өмір иесінің алғашқы күндерінен бастау алатын шақты мен де басымнан өткіздім. Енді жұмысқа шықпайтындай артық салмақ осылай қалып қоятындай, көңіл-күйің әрдайым құбылып, көз жасыңа ерік беріп, ойың сан-саққа шашырап, кейбір сәттерде не істеп жүргеніңді өзің түсінбей қаласың”, – дейді Ақерке күйзеліс кезеңін өзі де бастан өткергенін айтып.
Жас ана мұндай кезде керісінше, сәбиге көп уақыт бөліп, өзіңді дамытуға тырысу керек деп санайды.
“Алайда, әрбір ситуацияға басқа қырынан қарап көрсек, бәрі де өзгеріп сала береді екен. Дәл осы декретке "мен үйде қалып қойдым, бүкіл әлем дамып жатыр, ал менің отырысым мынау" деп емес, мына тұстан қарасақ. "Ана болу әрбір әйел адам үшін - бұл да өзіндік самореализация", жаңа кезең. Ол кезең әрбір әйел адамның басынан өтеді, мен де ана болудың алғақшы кезеңін басымнан өткерудемін - осы қырынан қарап, жеңіл түрде, тіпті, процесстен рақат алып өткізуіміз өзімізге байланысты ғой, шынына келгенде уақыт зымырауда, әрі балапанымыз Алла қаласа көзімізді ашып жұмғанша өсіп кетеді, сол үшін, дәл қазіргі сәтте болып, балапанымыздың әрбір қылығына тамсанып, былдырлап сөйлегенін көріп, әрі, уақытымызды дұрыс ыңғайластырып, дамуды да шегермеуді үйрену керек. Декретке - мүмкіндік пен өмірімізді жоғары деңгейге шығаратын кезең ретінде қабылдап, уақытты оңынан пайдалану - өз таңдауымыз”, – деп жазды Ақерке Бүркітбай.