Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Роза Рымбаева: Өздерін өмірде керемет санайтын, жастығына қарамай ақыл айтатын жұлдыздар бар

Роза Рымбаева жастығына қарамастан өзгелерге ақыл айтып, жұлдыз ауруына шалдыққандар жайлы айтты. Әнші өнер адамы адамгершілік бірінші орында тұру керек дейді. 

Бұл туралы Роза Қуанышқызы “Баян баяндайды” бағдарламасында айтты.

Роза Рымбаева Баян Нұрмышевамен сұхбаттаса отырып, оны өзі құрметтейтін әншілер қатарына жатқызды. 

“Мені осындай сұхбатыңа шақырғаныңа рахмет. Мен сені әнші ретінде жақсы көрем. Әндерің жақсы, даусың да жақсы. Өзіңе тән ерекшелік бар. Сондай биязы, сыпайысың. Өнерде қандай болсаң, өмірде де сондайсың. Жалпы болмысың ұнайды. Өнеріңді де, адамгершілігіңді де құрметтеймін”, – дейді Роза ханым. 

Бұл ретте әнші қазіргі жас өнер иелері жайлы айтты. 



“Қазір жұлдыздар көп. Әншілігінен бөлек өмірде жұлдыз болып жүргендер көп. Мен ондай адамдарды қабылдай алмаймын. Өнерде жақсы адам секілді көрінеді. Өмірде басқа адам. Адамгершілік бірінші орында болу керек. Ондай адамдарды таланты жоғары болып тұрса да, қандай әнші болса да, мен қабылдай алмаймын. Онысымен қоймай ақыл айтады. Өзгелерге кеңес айтады, жас бола тұра бәрі ақылды. Мен соны түсінбеймін”, – дейді халық әртісі. 

Роза Рымбаева өнерде кіммен дуэт орындағысы келетінін айтып қалды. 

“Мен кейде актерлік қырымды сынап көргім келеді. Осы ретте Қарагөз Тілеубековамен ән айтқым келеді. Ол өзі денелі әнші, харизмасы бар. Қазақтың Алла Пугачевасы ғой. Екеуміздің біліміміз де бір. Табиғатымыз да бір. Екеуміз бір әйелдің ұрысқанын да көрсете аламыз, екі әйелдің таласқанын да көрсете аламыз. Сосын “Диета” тобындағы толық жігіттермен бірге ән айтқым келеді. Қызықты болар еді. Сондай контрасттар керек. Көрерменге қызық деп ойлаймын. Олармен актерлік шеберлікті көрсетуге болады. Мәтінді де ерекше етіп жазуға болады. Бұл менің актерлік қырымды көрсету үшін керек шығар”, – деді Роза Рымбаева.

Талқылау