AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Роскомнадзор" қазақстандық басылымнан Ресей туралы мақаланы өшіруді талап етіп, сес көрсеткен

Ресейлік “Роскомнадзор” қазақстандық басылымдарға сес көрсете бастады. Ұйым NewTimes.kz басылымына BBC-ден алынған мақаланы өшіруді талап еткен. Материалда Еуроодақтың Ресейге салған санкциялары жайлы айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы "Әділ сөз" қорының басшысы Тамара Калеева айтып берді. 

"Шетелдік реттеуші ұйым Еуроодақтың Ресейге қарсы салған санкциялары жайлы материалды өшіруді талап еткен, себебі ол Ресейдің заңына қайшы екен. Жаңалық бір тәулік ішінде өшірілмесе, порталды көршілес елде өшіретіндерін айтып, сес көрсеткен. Ең қызығы, Роскомнадзор басылым редакциясына емес, newtimes.kz сайтының хостинг-провайдеріне жүгінген", –  дейді Калеева. 

Басылым басшысы ресейлік оқырмандарын жоғалтып алмау үшін жаңалықты өшіру туралы шешім қабылдаған.

"Ресей аудиториясын біздің сайтта жарияланатын ақпаратқа деген қолжетімділіктен айыруға құқығымыз жоқ деп шештік", - деп түсіндірді NewTimes.kz директоры Дмитрий Ким.

"Әділ сөз" қорының басшысы аталған жайтқа қатысты теріс пікір білдірді. 



"Біз NewTimes.kz басылымының редакциялық саясатына араласқымыз келмейді. Бірақ, біздіңше, қазақстандық БАҚ бірінші кезекте ресейлік емес, қазақстандық оқырмандарды объективті ақпараттан айырмау керек.

Шетелдік мемлекеттік органның тәуелсіз Қазақстан елінің БАҚ құралын бұғаттау туралы сес көрсетуі кем дегенде түсінбестік тудырады. Мұндай әрекеттер Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан елеусіз қалмауы тиіс. 

Естеріңізге салайық, біздің Конституцияда цензураға тыйым салынып, сөз және шығармашылық бостандыққа кепілдік берілген", - деді Тамара Калеева. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр