Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ризабек Айтмұқан жаңа салмақта ел чемпионатында топ жарды

Ризабек Айтмұқан Фото:ҰОК

Тарихы терең Тараз қаласында 15 және 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған бәсекеде жаңа 125 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұқан ел чемпионы атанды.

Айта кетейік, Ризабек бұған дейін 97 келі салмақта өнер көрсеткен. Бұл жолы ол 125 келінің финалында Ақтөбе облысының өкілі Сәлімжанға 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, балуан жаңа салмақтағы дебюттік белдесулерін сәтті бастады.

Енді Ризабек Айтмұқан 27 наурыз күні PWL 11 турнирінде ресейлік Алихан Кцоевпен белдеседі. Алайда бұл додада ол 97 келі салмақта сынға түседі.

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан еркін күрестен Қазақстаннан шыққан тұңғыш әлем чемпионы.

Ол 2023 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында 92 келі салмақта алтын медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, 2024 жылдың қыркүйегінде 20 және 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды.

Сондай-ақ, 2025 жылдың наурыз айының соңында Амман қаласында өткен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Ақерке Өмірхан
Сәрсенбі, 18 Наурыз, 2026 23:47