Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Ризабек Айтмұхан Албанияның Тиранда қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ризабек Айтмұхан Албанияда 23 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Жақында ғана екі дүркін әлем чемпионы атанған Ризабек алғашқы айналымда канадалық  Каллум Уильям Нокқа қарсы белдесіп, жеңіске жетсе, екінші кездесуінде польшалық балуанды айқын басымдықпен ұтты. Осылайша отандасымыз жартылай финалға жолдама алып, алтын жүлдеге бір табан жақындады. 

Айта кетейік, бұған дейін Ризабек Айтмұхан Испанияның Понтеведра қаласында 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем біріншілігінің жеңімпазы атанған еді. 

Талқылау