"Рингтен тыс жерде күш қолданбаймын": Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді

Серік Сәпиев өзінің орынбасарымен болған жанжалға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олипиада чемпионы желідегі парақшасында жазба жариялап, мәселенің толық қаралып, жабылғанын мәлімдеді.
“Мен мемлекеттік қызметкер ретінде өз міндеттерімді атқару барысында мемлекеттік қызметкердің әдеп қағидаттарын қатаң сақтаймын. Бала кезімнен бапкерлерім маған рингтен тыс жерде күш қолдануға болмайтынын үйретті. Өз мүмкіндігімді жақсы бағалаймын және әрбір іс-әрекетім үшін жауапкершілік арқалайтынымды толық түсінемін. Сондықтан қандай да бір арандатушылықтарға ермеймін. Мәселе толық қаралып, жабық деп есептеледі”, – делінген Сәпиевтің жазбасында.
Серік Сапиевті ұрды деп айыпталған орынбасары бұған дейін де мінез-құлқы үшін "сөгіс естіген"
Еске салсақ, бұған дейін олимпиада чемпионы, Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиевті оның орынбасары самбодан әлем және Азия чемпионы Дәурен Есімханов соққыға жыққаны туралы жазған едік. Желіде тараған видеодан Серік Сәпивтің қолына құжат ұстап, орынбасарының кабинетіне кіргенін, кейін Есімхановтың Сәпиевті ұрып, кабинеттен шығарып жібергенін көруге болды.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"