Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

RinGo әншісі: Жұбайым маған тұрмысқа шығар кезде ислам дінін қабылдады

RinGo тобының әншісі Әділжан Омаров жұбайы Иринамен алғаш қалай танысқанын айтып берді. Әділжан өзіне тұрмысқа шығар кезде жұбайының ислам дінін қабылдағанын мәлімдеді.

омаровы_21

Бұл туралы Гәкку арнасы мен «Love радио» ұйымдастырған «Love story» бағдарламасында айтылды.

Жұп 2006 жылы вокал сабағында танысқан. Алғашқыда дос болып араласқан олар ақыр аяғында бір-біріне ғашық болып қалады. Сөйтіп 2007-2012 жылдар аралығында қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүреді. Алайда екеуінің бас қосуына көптеген жайттар кедергі келтіреді. Ең біріншіден, Әділжанды тәрбиелеп өсірген әжесі өзге ұлттан шыққан Иринаны келін ретінде қабылдамайтынын айтады. Ал құрбылары Иринаға әнші жігіттерге жоламау керектігін ескертеді.

Махаббаттары берік болған жұп ақыр аяғында үйленуге шешім қабылдайды. Сонда Ирина сүйіктісінің қалауымен ислам дінін қабылдаған. Әділжанның айтуынша, содан кейін әжесінің жаңа түскен келініне деген көзқарасы түбегейлі өзгерген.

Жіберіп алмаңыз:

Әйгілі Белуччиді дыбыстаған актриса өз әйелін балталап өлтірген таксистен қалай құтылғанын айтты

“МузАрт live” жігіттерінің әнін беріле тыңдаған Мейрамбектің ұлы көпшілікті сүйсінтті (видео)

Нұрлан Еспанов Абай Бегеймен не себепті “сүйіскенін” түсіндірді (видео)

Шаһизада: Бірінші күйеуім ұрып жатқанда, Алладан басқа өмір сұрадым

 

 

Талқылау