Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды: Зардап шеккендер бар
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығында жарылыс болсып, 6 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz
Төтенше жағдай 21 желтоқсанда таңертең болған.
“Таңғы сағат 4:39-да "Риддер ЖЭО"-да таспалы транспортер аумағында жоспарлы жөндеу-монтаждау жұмыстары кезінде шаң-ауа қоспасының жарылысы орын алды, алайда өрт тіркелген жоқ. "Риддер ЖЭО" штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Үйлердегі температура қалыпты деңгейде сақталуда. Сыртқы ауа температурасы Риддер қаласында -4 градус”, – делінген хабарламада.
"Шығыс жылу" АҚ мамандары қала жылу жүйесін тексеріп, реттеу жұмыстарын жүргізуде, осыған байланысты желідегі қысымның уақытша аздап төмендеуі мүмкін екенін ескертті.
Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев барды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі