Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерде полицей қызметтік көлікпен мотоцикл жүргізушісін қағып кетті

мотоциклшіні қағып кетті

Видеодан скриншот

Риддерде учаскелік полиция қызметкері жүргізуші куәлігінсіз жүргізген үш мотоцикл жүргізушісін тоқтатпақ болып, өзі жол ережесін бұзып, біреуін қағып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің хабарлауынша, полиция қызметкері қарсы жолаққа шығып кетіп, біркелкі жолақты кесіп өткен. Соның салдарынан көлік соқтығысты. Бақытымызға орай, мотоциклші зардап шеккен жоқ.

"16 тамызда Риддерде учаскелік полиция қызметкері қызметтік көлікті басқарып келе жатып, жол қозғалысы ережесін бұзған мотоцикл жүргізушілерін тоқтатпақ болған. Алайда тізгінге ие бола алмай, олардың бірімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады ведомство.


Полиция қызметкерінің ешқандай түсініктемесіз зейнеткердің гүлін тартып алғаны жұрттың ашуына тиді (видео)


Алматыда төбелескендерді ажыратпақ болған полицияның өзі "таяқ жеді" (видео)


Алматы облысында баланы көлікпен қағып, қашып кеткен бұрынғы полиция қызметкері ұсталды (видео)


Полицейлердің айтуынша, мотоцикл жүргізушілері көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқарғаны және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Жол ережесін бұзғаны үшін полиция қызметкерінің өзі де жазаланды. Оның әрекетінің заңдылығы мен негізділігін бағалау үшін оған қатысты қызметтік тергеу тағайындалды.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 21 Тамыз, 2025 12:21
Талқылау