Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддедегі Мәңгілік алауда ет қуырған ер адам ұсталды

Риддедегі Мәңгілік алауда ет қуырған ер адам ұсталдыФото: Видеодан скрин

Риддерде тәртіп сақшылары Даңқ обелискісіндегі Мәңгілік алауда тауық етін қуырған ер адамды ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, вандализм бойыша 31 жастағы жергілікті тұрғын күдікке ілінді. Оның жеке басын анықтау үшін полицейлер жақын маңдағы аудандарды тексеріп, бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, куәгерлерден жауап алған.

“Бұзақы кешенді жедел іс-шаралар барысында ұсталды. Ол “Ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғынжайларды, ортақ пайдаланудағы орындарды, көлік құралдарындағы және басқа да қоғамдық жерлердегі мүлікті қорлау” бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды”, – деп хабарлады департамент өкілдері.

Ведомство барлық адамға тарихи ескерткіштер мен қоғамдық маңызы бар нысандарды құрметтеу керек екенін ескертті. Мұндай әрекеттер заңбұзушылық әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғатынын атап өтті.


Атырауда зиратты қорлады деген күдікпен мектеп оқушылары ұсталды


Астанада ескерткішке макияж жасаған әйел 200 мың теңге айыппұл арқалады


Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстанда Мәңгілік алауда қаскөйлердің тауық қуырғаны туралы жазған едік.

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 11 Желтоқсан, 2025 08:53