Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рыбакинаның кездесуі тарихи жеңіспен аяқталды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тарихта алғаш рет Канкунда өткен WTA финалдық турнирінде жеңіске жетті. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

рыбакина

Үздік қазақстандық теннисші 1 қараша күні таңертең WTA финалының екінші кездесуінде грекиялық Мария Саккариді ұтты.

Кездесу 6:0, 6:7 (4), 7:6 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды. Жеңіс Елена Рыбакинаның топтан шығуына барлық мүмкіндігін берді.



Елена Рыбакина мен Арина Сабаленко соңғы турда Bacalar тобындағы екінші жолдаманы сарапқа салады. Бұл матч 3 қарашаға қараған түні өтеді.

Бұған дейін Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик чилилік қарсыласын жеңіп, Франциядағы турнирдің үшінші кезеңіне өткен болатын.

Талқылау