Рыбакина үлкен теннистен әлемдік рейтингте жоғарылады
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңа рейтингті жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Жекелей сында Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина жетінші орыннан бесінші сатыға көтерілді.
Еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева үш саты жоғарылап, үздік 20 теннисші әйелдер қатарына кірді. Осылайша отандасымыз рейтингте өз рекордын жаңартты. Бұған дейін Юлияның ең үздік нәтижесі 20 орын болған еді.
Осылайша, тұңғыш рет Қазақстан құрамасынан екі бірдей спортшы ТОП-20 теннисшінің қатарына кірді. Бұған дейін ел тарихында мұндай нәтиже болмаған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

