Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде Орталық Азияның 7 тумасы терактіге қатысты күдікпен ұсталды

Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі Орталық Азияның 7 тумасын терактіге қатысты күдікпен ұстады, деп хабарлайды ТАСС.

xw_1409901

«РФ Федералды қауіпсіздік қызметі 2017 жылғы 28 шілдеде Санкт-Петербургтегі теміржол көлігінде және адам көп шоғырланған орындарда лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыруға әркеттенді деген күдікпен Орталық Азия өңірлерінде туған 7 адамнан құралған топты ұстады», – деп хабарлады ФҚҚ. Ұсталғандармен тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде. ФҚҚ-да тергеудің жүріп жатқандығына байланысты ұсталғандар туралы айтылмады.

3 сәуір күні Санкт-Петербургтегі метрода жанкешті өз-өзін жарып жіберіп, жарылыс салдарынан 15 адам құрбан болған еді.

Тағы да оқыңыз:

Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы тұтқынға алынды

Ауыл басшылығы ағасын жазалау үшін 16 жастағы қарындасын зорлатуға шешім шығарған

“SCAT” компаниясы Ыстанбұл әуежайында соқтығысқан ұшақтарға қатысты мәлімдеме жасады

Талқылау