"Рейске үлгермей қалғанын айтып, өзіне бензин құйған": Алматы әуежайында өзіне өрт қойған ер адам тұтанғыш сұйықтықты өзімен ала барған (видео)
Фото: видеодан кадр
Алматы әуежайында кеңсесі орналасқан Nur Ai & Co әуе турагенттігінің басшысы Гүлмира Сәдуақасова Facebook парақшасында жазба жариялап, оқиғаның мән-жайын баяндап берді. Ер адам өзіне сол кеңседе өрт қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Гүлмира Сәдуақасованың жазуынша, ер адам біреуге телефон шалып, рейске үлгермей қалғанын айтқан да артынша үстіне бензин құя бастаған.
"Ол кіріп, телефон сұрап, біреуге қоңырау шалып, оған рейске үлгермей қалғанын айтқан, содан кейін үстіне бензин құйған. Біздің агент шығып кетуге рұқсат сұраған, ол (ер адам – ред.) оны шығарып жіберіп, өзіне өрт қойған. Қызметкеріміз – батыл Ксения абыржып қалмай, ширақ әрі жедел әрекет еткені жақсы болды", – деп жазады турагенттік басшысы.
Ол кеңседегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеоның үзіндісін жариялады.
"Ол жігітке не болғанын білмеймін, бірақ ол сол кезде-ақ тұтанғыш сұйықтықпен келген. Ол билетті ауыстырып беруді сұрамаған, тек телефон сұраған. Біз оны танымаймыз, ол жай ғана клиент. Ал агент (Ксения – ред.) онымен жанжалдаспаған", – деп қосты Гүлмира Сәдуақасова.
Еске салсақ, бұған дейінАлматы әуежайында ер адам өз-өзін өртеп жібергенін жазған едік. Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның әуежай кеңселерінің бірінде үстіне бөтелкемен сұйықтық құйып, өрт қойғанын көруге болады.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өзіне өрт қойған ер адам жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық аурухағана жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылғанын мәлімдеді. Оның жағдайы өте ауыр. Сондай-ақ оқиғаның болжамды себебі айтылды.

"Қылмыс көбейіп, адамдардың денсаулығы нашарлаған": Қазақстандықтар бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп жатыр
