Республиканың бас шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды
Елорда әкімдігі ауқымды Astana Muz Fest 2022 фестивалін өткізуге дайындалып жатыр, шара аясында еліміздің бас шыршасы жағылады. Шырша EXPO көрме орталығында орналасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"19 желтоқсан күні сағат 18:00-де шарада еліміздің бас шыршасы жағылады, кеш қазақстандық әртістердің, хордың, Аяз ата мен Ақшақардың өнер көрсетуімен жалғасады. Астана қонақтары мен тұрғындарына "Ғажайыптар түні" ертегі мұз шоуы ұсынылады. Сондай-ақ, фестивальдің ашылуында "әлем халықтарының ертегілері" тақырыбында мұз мүсіндері байқауының жеңімпаздары марапатталады. Жарықтандырылған мүсіндер фестиваль басталғанға дейін 3 күн бұрын салынады", - делінген Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді