2024 жылы өңірлерге 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: Республикалық бюджетке қай өңірлер үлес қосып келеді
Фото: Stan.kz
Жоғары аудиторлық палатасы өз есебінде Алматы, Астана қалалары мен Атырау облысын мемлекеттік бюджетке түсетін кірісі өз шығынынан асып түсетін өңір деп көрсетті. Ал қалған 17 аймақ дотациялық өңірге, яғни республикалық бюджеттен қаржылай көмек алатын аумаққа жатады. Аудиторлық палата мемлекеттік бюджеттен қай өңір, қанша қаражат алды және оны неге жұмсағанын атап көрсетті. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғары аудиторлық палатасының есебіне сенсек, өңірлерге берілетін қайтарымсыз қаржылай көмек көлемі 5 жыл ішінде 2,5 есе өсіп, 2020 жылғы 2,1 трлн теңгеден 2024 жылы 5,3 трлн теңгеге дейін жетті. Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері де 2020 жылғы 3,2 трлн теңгеден ағымдағы жылы 8 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттер мен 305 кредиттер мөлшері 2020 жылғы 2,2 трлн теңгеден ағымдағы жылғы 1,9 трлн теңгеге дейін аздап қана төмендеген.
“2024 жылы биылғы нысаналы трансферттер мен нысаналы даму трансферттері субвенциялар көлемінің 269,9 млрд теңгеге немесе 5,4%-ға өсіп, 2023 жылмен салыстырғанда (1 944 млрд теңге) 158,7 млрд теңгеге (8,2%-ға) қысқарды. Субвенциялар көлемінің жедел қарқынмен өсіп келе жатқаны байқалады”, – делінген есепте.
2024 жылы республикалық бюджеттен өңірлерге 7 050,3 млрд теңге аударылды, оның ішінде:
- Қазіргі нысаналы трансферттер – 276,4 млрд теңге (3,9%);
- Нысаналы даму трансферттері – 1 508,9 млрд теңге (21,4%);
- Субвенциялар – 5 265 млрд теңге (74,7%).
“Жалпы бөлінген 7 050,3 трансфрттің 7 009,6-сы игерілген. Ал биылғы мақсатты трансферттер мөлшері – 276,4 млрд теңге. Даму трансферттеріне 1 509,8 млрд теңге болса, субвенциялар – 5 265,6 млрд теңге, бюджеттік алшақтықты қолдау – 266,5 млрд теңге.
Кестеге сәйкес, Атырау, Маңғыстау облыстаыры мен Алматы, Астана, Павлодар қалаларының республикалық бюджеттен аз ғана қаржы алған немесе тек мақсатты жобалар үшін ғана трансферт алғанын көруге болады. Ал көп көмек алған, субвенцияға тәуелді өңірлерге Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысы, Солтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстары жатады.
| Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер | Ағымдағы нысаналы трансферттер |
Нысаналы даму трансферттері |
Субвенциялар | Бюд жеттік алып қоюла р | ||||
Бөлін. | Атқар. | Бөлін . | Атқар. | Бөлін. | Атқар. | Бөлін. | Атқар. | ||
Абай | 284,1 | 283 | 8,1 | 8,1 | 41,1 | 40 | 234,9 | 234,9 |
|
Ақмола | 472,1 | 468,6 | 18,4 | 18 | 99 | 95,9 | 354,7 | 354,7 |
|
Ақтөбе | 375 | 373,2 | 9,3 | 9,3 | 72,7 | 70,9 | 293 | 293 |
|
Алматы | 307,2 | 303,8 | 25,9 | 25,2 | 97,7 | 95 | 183,6 | 183,6 |
|
Атырау | 66,9 | 62,7 | 8,8 | 8,7 | 58,1 | 54 | - | - | 168,7 |
ШҚО | 317,2 | 317,2 | 11,4 | 11,4 | 60,5 | 60,5 | 245,3 | 245,3 |
|
БҚО | 307,2 | 306,9 | 9,5 | 9,5 | 46,3 | 46 | 251,4 | 251,4 |
|
Жамбыл | 513,7 | 511,8 | 19,1 | 19,1 | 68,2 | 66,3 | 426,4 | 426,4 |
|
Жетісу | 411 | 410,5 | 10,3 | 10,3 | 45,4 | 44,9 | 355,3 | 355,3 |
|
Қарағанды | 399,7 | 397,7 | 11,9 | 11,9 | 65 | 63 | 322,8 | 322,8 |
|
Қостанай | 384,5 | 383,3 | 10,3 | 10,3 | 55,3 | 54,1 | 318,9 | 318,9 |
|
Қызылорда | 512 | 511,9 | 15,6 | 15,6 | 63,4 | 63,3 | 433 | 433 |
|
Маңғыстау | 248,2 | 230,7 | 13,2 | 12,6 | 99,4 | 82,5 | 135,6 | 135,6 |
|
Павлодар | 182,7 | 181,9 | 11,2 | 11,2 | 39,1 | 38,3 | 132,4 | 132,4 |
|
СҚО | 356,5 | 356,1 | 7,4 | 7,4 | 32,5 | 32,1 | 316,6 | 316,6 |
|
Түркістан | 1 209,6 | 1 209,3 | 32,8 | 32,8 | 175,2 | 174,9 | 1 001,6 | 1 001,6 |
|
Ұлытау | 68,5 | 68,2 | 2,7 | 2,6 | 14 | 13,8 | 51,8 | 51,8 |
|
Шымкент қ. | 313,4 | 313,3 | 17,1 | 17,1 | 88,8 | 88,7 | 207,5 | 207,5 |
|
Астана қ. | 227,2 | 227,2 | 14 | 14 | 213,2 | 213,2 | - | - | 74,7 |
Алматы қ. | 93,2 | 92,3 | 19,3 | 19,2 | 73,9 | 73,1 | - | - | 226,1 |
Барлығы: | 7 050,3 | 7 009,6 | 276,4 | 274,3 | 1 508,9 | 1 470,7 | 5 265 | 5 265 | 469,5 |
“Алынған нысаналы трансферттер 1 744,8 млрд теңгеге немесе 97,7%-ға атқарылды. Жергілікті деңгейде 40,5 млрд теңге атқарылмай қалды. Оның ішінде бюджет қаражатын үнемдеу – 1,8 млрд теңге. Өңірлер 38,7 млрд теңгені игерген жоқ, бұл 2023 жылы игерілмеген қаражат сомасынан 26,1%-ға артық”, – деп делінген аудиторлық палата есебінде.
Маңғыстау облысының донор-өңірлер қатарынан шығарылғанына қарамастан, донор-өңірлерден бюджеттік алып қою көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 8,7%-ға немесе 37,6 млрд теңгеге артты.
Донор-өңірлерден алынатын бюджеттік алым
Өңірлер | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | 2020 | 2021 | 2022 | 2023 | 2024 |
Атырау | 73,2 | 93,1 | 98,1 | 105,2 | 207,3 | 213,8 | 221 | 155 | 168,7 |
Маңғыстау | 25,7 | 29 | 31,6 | 35,4 | 8,2 | 13,4 | 19,5 | - | - |
Астана қ. | 17,3 | 19,5 | 20,5 | 30 | 32,9 | 34,1 | 38,5 | 69,7 | 74,7 |
Алматы қ. | 97,7 | 95,2 | 102,9 | 115,4 | 171,7 | 190,1 | 211,5 | 207,2 | 226,1 |
Барлығы | 213,9 | 236,8 | 253,1 | 286 | 420,1 | 451,4 | 490,5 | 431,9 | 469,5 |
Меншікті кірістердің ең аз үлесі:
- Түркістан (17,1%);
- Жетісу (21,8%);
- Қызылорда (23%);
- Солтүстік Қазақстан (25,4%);
- Жамбыл (25,6%);
- Ақмола (30,7%);
- Абай (31%).
“8 өңір 50%-дан астам өз меншікті кірістерімен қамтамасыз етілген (Алматы, Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау облыстары, сондай-ақ Алматы, Астана, Шымкент қалалары), бұл ретте Алматы, Павлодар, Ұлытау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары өз көрсеткіштерін жақсартқан”, – делінген Жоғры аудиторлық палата есебінде.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
