Ресми: "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қысқы ойындары Астанада өтеді
Фото:Getty images
“Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы қысқы ойындары Астанада өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматылық “Қайрат” футбол клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңдегі қысқы ойындарын жабық стадион – “Астана Аренаға” ауыстыру туралы өтінішті УЕФА-ға жолдаған еді.
Клубтың бұл өтінішін УЕФА қолдап, енді 9 желтоқсанда “Олимпиакос” пен 20 қаңтарда “Брюгге” клубына қарсы өтетін матчтар Астана қаласындағы “Астана” аренада өтетін болды.
Алматыдағы Орталық стадионда қыс мезгілінде ойын өткізу футболшылар мен жанкүйерлердің денсаулығына зиян. Біріншіден стадионның төбесі ашық. Шатырдың болмауы және қар жауу ауа райының қолайсыздығы көрермендердің жайлылығына кері әсерін тигізеді.
Айта кетейік, бұған дейін “Қайраттың” Чемпиондар лигасындағы билет бағалары да дау туғызған еді. Клубтың ресми хабарламасына сәйкес, билеттердің бағасы 15 000–50 000 теңге аралығында болатынын мәлімдеді.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді

