Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресеймен газ одағын құру мәселесі талқыланған жоқ – Министр

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан, Ресей және Өзбекстан елдерімен газ одағын құру мәселесі талқыланбағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Үш елдің арасында одақ құру туралы әңгіме ешқашан талқыланған емес. Одақ құрамыз деген мәселе көтерген жоқпыз. Ресеймен немесе Өзбекстанмен ондай мәселе талқыланбаған", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында. 

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Қазақстан, Ресей және Өзбекстанмен газ одағын құруды ұсынған еді. 

Кейінірек Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің мәскеуде "үш жақты газ одағын" құру мәселесін талқылағанын айтқан болатын. 

Алайда кейін сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бұл мәселе әлі қолға алынбағанын мәлімдеді. 

Ол қандай да бір шешім қабылдағанға дейін бұл идеяны ел президенті мен сарапшылар зерттейтінін айтты. Бұл ретте ол Ресейге қарсы санкциялар аясындағы ықтимал тәуекелдер туралы айта келе, Қазақстанда үкіметтік комиссия құрылғанын атап өтті.

Айта кетсек, Өзбекстанның қараша айында Владимир Путин ұсынған "газ одағына" кіруден бас тартқанын жазған болатынбыз. 

Талқылау