Ресейлік "Звери" тобының әншісі Алматыда барахолканы аралап, қауын сатып алды (видео)
Ресейлік «Звери» тобының әншісі Роман Билык Алматыдағы барахолканы аралады. Ол Instagram желісіндегі Stories-те алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, 27 қазанда Алматыда «Звери» тобы ән кешін өткізген еді.
Топтың солисі Роман Билык концерт алдында қаладағы ең үлкен базар – барахолканы аралауды ұйғарған. Instagram-дағы Stories-те әсерімен бөліскен әнші базардан қауын сатып алғанын айтты.
«Балалармен бірге жасыл қауын сатып алдық. Ол тәтті болады деп үміттенемін», - дейді әнші роликтердің бірінде.
Сонымен қатар Роман барахолканың тыныс-тіршілігін көрсететін суреттерді бөлісті.
Әнші жұрт назарын өзіне аудармау үшін, қара түсті көзілдірік тағып, кепка киген. Сондықтан әншінің барахолкада емін-еркін жүргеніне қарағанда, көпшілік оны танымаған сыңайлы.
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады